Лауазымдық міндеттер
Лауазымдық міндеттері: жеке тұлғаның психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және оның шағын ортасын, өмір сүру жағдайларын зерделейді, мүдделер мен қажеттілікті, мәселелерді, даулы жағдайларды, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтайды және оларға уақытылы әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетеді.
Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, нысандарын, әдістерін, баланың жеке және әлеуметтік проблемаларын шешу тәсілдерін айқындайды, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, балалардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда әлеуметтік қорғау және әлеуметтік көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдайды.
Білім алушылар, тәрбиеленушілер, балалар және ұйым, отбасы, орта, түрлі әлеуметтік қызметтер, ведомстволар мен әкімшілік органдар мамандары арасында делдал болады.
Білім беру ұйымдарында және жеке тұлғаның қоғам өміріне бейімделуін қамтамасыз ететін тұрғылықты жері бойынша білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) тәрбиелеу, білім беру, дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедек балаларды, девиантты мінез-құлықпен оқитын бала кезінен мүгедектерді патронат, тұрғын үймен, жәрдемақылармен, зейнетақылармен, мүліктік және мүліктік емес құқықтармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді.
Сабақтан тыс уақытта білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ақыл-ой және дене қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасайды.
Әлеуметтік ортада адамгершілік қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді. Бала мен мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар, әлеуметтік қызметтер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.
Teachersмен, ата-аналармен және білім алушылардың өзге де заңды өкілдерімен өзара іс-қимыл жасайды.
Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді.
Білім беру ұйымдарында білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады.
Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.
Оқушылар, тәрбиеленушілер арасында академиялық адалдық қағидалалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.
73. Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді;
әлеуметтік саясат негіздерін; жалпы және әлеуметтік педагогиканы; педагогика мен психологияны,
Валеология негіздерін, әлеуметтік-педагогикалық және диагностикалық әдістемелерді; әлеуметтік-педагогикалық жұмыстарды;
еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды.
74. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары педагогикалық білімі; әлеуметтік педагог лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.
Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-модератор үшін-кемінде 3 жыл, педагог – сарапшы үшін-кемінде 4 жыл, педагог-зерттеуші және педагог – шебер үшін-кемінде 5 жыл әлеуметтік педагог лауазымындағы жұмыс өтілі болуға тиіс.
75. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог – модератор":
санаты жоқ педагогке қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:
озық тәжиребені оқып үйрену,
озық тәжиребен тәжірибеде енгізу;
оқу-тәрбие жұмысына талдау жасау,
білім беру ұйымының әдістемелік топтарының жұмыстарына қатысуы тиіс.
2) "педагог-сарапшы":
педагог-модераторға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:
тәрбие жұмысын талдау әдістерін меңгеру;
шығармашылық семинарларды басқара білуі, озық тәжірбиелерді енгізуі тиіс.
3) "педагог-зерттеуші":
педагог-сарапшы педагогқа қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:
ғылыми-әдістемелік, эксперименттік жұмыстарды білуі;
әлеуметтік-педагогикалық бағдарламалардың, педагогикалық технологияларды құрастыра білуі және олардың жұмысы бойынша апробация жүргізуі,
әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелермен айналысатын шығармашылық топтың жұмысын басқаруы тиіс.
4) "педагог-шебер":
педагог-зерттеушіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:
ғылыми-әдістемелік, эксперименттік жұмыстарды білуі;
әлеуметтік-педагогикалық бағдарламалардың, педагогикалық технологиялардың құрастыра білуі және олардың жұмысы бойынша апробация жүргізуі,
әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелермен айналысатын шығармашылық топтың жұмысын басқаруы тиіс.
- Жалпыға міндетті оқу заңының жүзеге асырылуы;
- Білім беру ұйымының қызметін перспективалық болжауды және ағымдағы жоспарлауды ұйымдастыру;
- Педагогикалық жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, жалпы білім беру бағдарламалары мен жоспарларының орындалуын сондай-ақ қажетті оқу, оқу-тәрбие оқу әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу жұмыстарын үйлестіру;
- Білім беру процесін сапасына және жалпы білім беру стандарттарының шеңберінде білімді меңгеру нәтижесінің объективтілігіне бақылау жасау;
- Білім беру ұйымдарында және тұрғылықты орындары бойынша білім алушыларды, тәрбиеленушілерді, балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру, тұлғалық дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;
- Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, балалардың тұлғалық әлеуметтік психологиялық ерекшеліктерін, олардың өмір сүру жағдайын зерделейді;
- Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, балалардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін, қиындықтары мен проблемаларын анықтап, оларға уақытылы әлеуметтік көмек және қолдау көрсетеді;
- Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша сынып жетекшілері мен тәрбиешілердің жұмыстарын үйлестіреді және жоспарлайды;
- Оқушылар уақытылы әлеуметтік көмек және қолдау көрсету мақсатында олардың әлеуметтік тұрмыстық жағдайына талдау жасайды;
- Балаларды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша сынып жетекшілерінің кәсіби құзіреттілігін арттыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын ұйымдастырады;
- Әлеуметтік қорғалмаған отбасы балаларын, жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды жәрдемақымен және зейнетақымыен қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асырылады;
- Аз қамтамасыз етілетін жанұядағы мүгедек балаларды анықтау және тұрмыстық көмек алуға құжат дайындайды;
- Қорғауды қажет ететін балаларды табу, мәлімет жинау және құжаттарын дайындау;
- Қорғауды қажет ететін балаларды табу, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік тұрмыс деңгейі төмен, көп балалы т.б отбасы балаларымен тәрбиеленушілер үшін оқулықтар, киім-кешек, асханада тамақтану, тегін тамақтану мәселесін қамтамасыз ету және үйлестіру жұмыстарын ұйымдастырады;
- Жалпыға міндетті оқу қорының бөлінген қаржының дұрыс жұмсалуын қамтамасыз ету үшін жұмысын ұйымдастыру;
- Есептілік құжаттамаларды белгіленген нысан бойынша жүргізеді;
- Оқушылардың ас қабылдайтын орны, мектеп буфетінің санитарлық жағдайын қадағалау.
- mektep snation kz бағдарламасы бойынша тегін тамақтануға құжаттар қабылдауды жүргізу;
- 2015 жылғы 23 қарашадағы №414 – V Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 111 - бап, 2 – тарау, 2 – тармақшасына сәйкес қосымша информатика пәні бойынша 8 сағат қосымша жүктемені талапқа сай орындау жүктеледі.
Әлеуметтік педагогтың мақсаты:
- Әр балаға қолайлы жағдай туғызу,
- Әр түрлі әлеуметтік категориядағы отбасы балаларымен жұмыс жасау,
- Әлеуметтік көмекті ұйымдастыру,
- Тек көмек күтуші емес мәселені шешу үшін өздігінен жол табуына көмектесу,
- Рухани жан дүниесін танып білу,ъ
- Қатарға қосу жұмыстарын ұйымдастыру.
- 1-11 сынып оқушыларының әлеуметтік тұрмыстық жағдайына база жинақтау (электрондық нұсқада) және дер кезінде есебін беріп отыру.
Әлеуметтік педагогтың құқығы:
- Баланың медициналық және педагогикалық құжаттарын қарауға;
- Сабаққақатысуға;
- Мектеп әкімшілігі, мед. жұмыстары, педагогтары мен басқа да әлеуметтік өкілдеріне бала денсаулығын сақтау және құқығын қорғау жөнінен мәселе ( сұрақ ) қоюға;
- Білім беру мекемелерінің мед. әлеуметтік мәселелер жөнінен шешім қабылдаудағы экспертизасына қатысуға;
- Шиеленісті жағдайдағы отбасы мен мектепті міндетті түрде отбасы мүшелігі құрамын куәландыратын мәселе ( сұрақ) қоюға;
- Қажетті ( ең соңғы жағдайларда) ата-ана құқығынан айыратын айыру туралы ұсынысы мен қажеттілік қорғауға құқы бар.