Parents » Г.Титов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Г.Титов атындағы орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72836)3-09-28
bookkeeping:
+7(72836)3-24-07
Version for
visually impaired
02
December
2020

Parents

Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу оны болдырмау бағытында  өткізілген  ата-аналар жиналысының 

ХАТТАМАСЫ

  Өтетін күні : 13 қазан   2020 жыл 
   Басталуы: сағат 11.00-де

  Өту формасы: ZOOM  плотформасы арқылы 


Қатысқандар: 74

  1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары   - Хакимболатова А.Х
  2. Директордың тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары   - Мыктыбекова А.К.
  3.  Ескелді  АПБ аға   инспекторы  полиция Mayоры Э.А. Намазиманова
  4. 1-11 сынып  оқушыларының  ата- аналары

Тақырыбы  1. Кәмелетке толмаған  жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылық пен  қылмысты болдырмау және оның алдын алу.     


 
                                                               Күн тәртібінде

 Тыңдалды: : Ескелді  АПБ аға  инспекторы  полиция Mayоры Э.А. НамазимановаКәмелетке толмаған  жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылық пен  қылмысты болдырмау және оның алдын алу тақырыбында баяндама оқыды.                                                                                                           Тұлғаны жан-жақтыүйлесімді тәрбиелеу саласының бірі – құқықтық тәрбие. Ол қоғамның әрбір  азаматының мемлекеттік заңдары аса жауапкершілікпен орындап отыруы талаптарыментығыз байланысты. Әсіресе, оның елімізде жүріп жатқан жариялылық, құқықтық және зайырлы қоғам орнату процесімен байланысының маңызы ерекше. Ол үшін адамзаттыңсан ғасыр уақыттар бойы жасап шығарған жалпы адамзаттық негіздегі моральдық нормаларын қоғамның әрбір өскелең жастарының сана- сезімімен, күнделікті мінез құлықтарына қалыптастыру қажет. Бұл талапты іс жүзіне асыру, әсіресе елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту кезеңінде, ең бірінші кезекте құқықтық сананы тәрбиелеу мен мемлекеттік заңдарды жетілдіру процесінде жандандыру айрықша міндетті іс. Балалардың мінез - құлқының нормадан, шамадан ауытқуына түрлі жағдайлар себеп болады. Олардың ішінде ең бастысы отбасы жағдайы болып есептеледі. Өйткені тұлғаның жеке басының жаман - жақсы қасиеттерінің негізі отбасынан қалыптасады. “Тәлім-тәрбие, кең түрде алғанда әлеуметтік процесс”. Адамдар да, заттар да тәрбиеленеді. Дегенмен, адамдардың үлес салмағы басым. Солардың  ішінде ата-аналар мен педагогтар бірінші орынға шығады деген екен. Олай болса, құқықтық тәрбиені нәтижелі ұйымдастыру үшін, отбасы жағдайын жан-жақты танып  білу қажет.   Schoolchildren құқықтық тәрбие беруде олардың құқықтық сана-сезімін бірінші кезекте қалыптастырудың  маңызы зор дедік. Себебі, құқықтық сана – қоғамдық санның ерекше түрі. Сондықтан, құқықтық тәрбие беруде оқушылардың санасын тәрбиелеу, жауапкершілік  сезімін көтеру, ұйымшылдық пен тәртіптілікті нығайту - мектептегі оқу-тәрбие   жұмыстарының негізгі бір бағыты. Бүгінгі таңда қоғам да, қоғамдық көзкарас та күннен күнге өзгеру үстінде. Бұқаралық ақпарат және қарым-қатынас құралдарының жұмысындағы барлық шектеулерден алынып, ақпараттарату еркіндігі кең таралған. Ол балалардың сана сезімі мен рухына кері әсер етуде.  Ұлтымыздың болашағын ойлайтын санасы сергек, адамгершілігі мол жеке тұлғаны тәрбиелеу - тәрбие жұмысының негізгі мақсаты. Жас ұрпаққа тек білім берумен шектелу аз, оларды адамгершілік-рухани жағынан нағыз адам қалыптастыру керек.

Шешім: 

  1. Кәмелетке толмаған  жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылық пен  қылмысты болдырмау және оның алдын алу жұмысы қанағаттанарлық  деп   танылсын.      


  1. Ата-ананың  жауапкершілігімен  қадағалауы  күшейтілсін.


 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив