Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда қамтылатын кейбір ұғымдарды түсіндіру Осы Заңда қамтылатын ұғымдар мынадай мағынада қолданылады: 1) әкімшілік-шаруашылық функциялар – ұйымның балансындағы мүлікті басқаруға және оған билік етуге Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен берілген құқық; Ескертпе. 1-1) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 1-1) жауапты мемлекеттiк лауазымды