Қамқоршылық Кеңес
«Ескелді ауданы әкімдігінің Титов атындағы орта мектебі МДШО»КММ
2017-2018 оқу жылындағы қамқоршылық кеңесінің жасаған жұмыстары
бойынша есебі.
2017-2018 оқу жылы басында Board of Trustees мүшелерісайланып, педагогикалық кеңесінде бекітілді. Board of Trusteesінің жұмысына қатысқысы келетіндердің тізімі ұсынылды,жұмыс жоспары бекітілді.
- Жалпы білім беру ұйымының жұмысының айқындығын арттыруға жәнежетілдіруге бағытталған бастамалар ұсыну және оны талқылау.
- Жалпы білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасы мен оқу базасын нығайту және жетілдіру, оның аумағы мен кабинеттерін көбейту.
- Білім беру үдерісін іске асыру жағдайын жақсартуға, оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жәрдем көрсету.
- Мектеп органдарының жұртшылықпен тиімді қарым-қатынасы үшін жағдай жасау.
- Мектептің білім берушілік, қаржылық, кадрлық әлеуетін күшейту.
- Қаржыландырудың қосымша көздерін мектепке тартуға жәрдем беру.
- Оқушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау.
Мектеп директоры қамқоршылық кеңестің қосымша бюджеттен тыс қаржыларды тарту және жұмсау түрлері мен тәртібіне,
Қамқоршылық кеңесінің құқықтары мен міндеттеріне, оның қағидаларына, сонымен қатар кеңестің құрамына тоқталып өтті.
Қамқоршылықкеңесі – стратегиялық мақсаты мен міндеттерін айқындайтын,сенім,ашықтық,серіктілік қағидаларымен жұмыс істейтін мектепті басқарудың қоғамдық органы екенін мектеп директоры Ә.Каймулдинов өз сөзінде атап өтті.
Қамқоршылық кеңесі 9 адамнан құралған. Кеңестің төрайымы Ескелді аудандық қазнашылық басқармасынын бас маманы Сатыболдинова Ажар бір жыл ішінде кеңес мүшелерімен жасаған жұмыстарын есеп берді. Мектептегі өткізіліп жатқан іс-шаралардың барлығына қолдан келгенше көмек беріп жатқандықтарын айты.
«Мектепке жол» акциясы кезінде акцияның өз деңгейінде өтуіне ат салысты. Әлеметтік жағыдайы төмен оқушыларға мектептің жекелеген ата-аналар тарапынан киім-кешек,оқу құралдары алып берілгенін айта кетті. Мектепте ұйымдастырылған «Күз береке – күз мереке» атты күзгі жәрменкеге қатысып, жарменкеден түскен 79000 (жетпіс тоғыз мың) теңгеге мектепке жаңа жылдық шырша, аяз ата мен ақшақар және ит,Mayмылдың кастюмдерін сатып алғанымызды айтып өтті.
Мектепте өткізіліпжатқан іс-шараларға да белсенді ата-аналарымызды тартып мектеппен бірге ұйымдастыру жұмыстарына қатысамыз деген ойдамыз.