19
October
2022
Тұлғаның өзін-өзі бағалауының маңызы
Өзін-өзі бағалауда тұлға үшін маңыздысы: шындық пен «Мен және Ол» арасындағы байлансы. Тұлғаның өз «Мен»-іне жақындауы, өзін-өзі дұрыс бағалау қабілеттілігінің дамуы кезінде ғана жүзеге асады.
Тұлғаның өзін-өзі дұрыс бағалауына коррекциялық тренингтер өткізу қажет. Топтық тренинг сабақтары мен жаттығулары түрлі келеңсіз жағдайларды жеңе білуге, ұстамдылық пен ақылдылық танытуға, өзінің әрекетіне есеп беруге, бойын кернеген жағымсыз сезімдерді тежеуге, жалпы жеке тұлға ретінде қалыптасуына көмегі мол.Өзін-өзі бағалау – тұлғаның өткен тәжірибесін жалпылауы және өзінің «Мен»-іне жаңа ақпарат ұйымдастыруының когнитивті сызбасы болып есептеледі. Сонымен қатар, өзін-өзі бағалау, әсіресе тұлғаның қабілеті мен мүмкіндігі туралы айтылса, тұлғаның белгілі бір үміттену деңгейін көрсетеді. Тұлғаның үміттену деңгейі әр түрлі жағдайларға, себептерге байланысты. Мысалы: достарының арасында мақтаншақ бала, мұғалім мен өзін басқалай бағалайды. Сол себептен өзін-өзі бағалау өзін жетілдіру құралы болып, айналасындағы адамдарға өзі туралы жағымды әсер беру үшін жағдай жасау.
Тұлға өзін екі жолмен бағалайды: 1) өзінің үміттену деңгейі мен іс-әрекетінің шынайы нәтижесін салыстыру арқылы; 2) өзін басқа адамдармен салыстыру арқылы. Тұлғаның үміттену деңгейі жоғары болған сайын, оны қанағаттандыру қиынға түседі. Іс-әрекеттің жетістіктері мен сәтсіздіктері индивидтің өзінің қабілетіне баға беруіне әсер етеді. Жалпы өзін-өзі бағалауда тұлғаның жеке-дара ерекшеліктерін де ескеру қажет. Тұлғаның өзіне берген бағасы тұрақты емес, ол әр-түрлі жағдайларға байланысты өзгереді.