01
November
2022
Бірінші сынып ата-аналары үшін жадынама
Бірінші сынып ата-аналары үшін жадынама
Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде тек мектеп арқылы ғана нәтижеге қол жеткізуге болады. Бастауыш сынып мұғалімі – сіздердің сенімді одағыңыз және жанұяларыңыздың досы. Сонымен ақылдасыңыздар, мұғалімнің мәртебесін қолдаңыздар. Мұғалімнің жұмысындағы кемшіліктерді баланың көзінше айтпаңыздар, оны тек мектепте мұғалімнің өзіне айтыңыздар.
Сабақтарға, ата-аналар жиналысына қатысып отыруға тырысыңыздар. Егер жиналысқа қатыса алмамаңыз, оны мұғалімнің өзіне жеке барып айтыңыз немесе бала арқылы қолхат беріп жіберіңіз.
Оқушының оқудағы жетістіктерін жиі біліп отырыңыз және «Бүгін жаңа не білдің?» деп сұрап отыру қажет. «Бүгін қандай баға алдың?» - деп дәстүрлі сұрақ қоя бермеуі керек. Ұл-қызыңызға түскен сәтсіздіктерге ашуланбаңыз, жетістіктеріне қуана біліңіз.
Үй жұмысын орындауды жиі бақылап отырыңыз, орындау барысында дұрыс көмек бере біліңіз. Балаға көмек көрсету, бақылау баланы шаршататын мораль, дәріс түрінде немесе дүрелеу түрінде болмауы керек. Негізгісі баланың оқуға деген ынтасын, қызығушылығын ояту.
Үй жұмысын тексере отыра, баланың өз мысалдарын келтіре білуге, орындалған тапсырманың дұрыстығын дәлелдей білуге бағыттап отыру қажет. «Неге?», «Дәлелде», «Басқаша болуы мүмкін бе?» деген сұрақтарды жиі қою керек.
Сыныпта өткізілген барлық іс-шараларға баланың қатысуына әрекет етіңіз.
Баланың әңгімелерін аяғына дейін тыңдауға тырысыңыз (өзі туралы, достары, мектеп туралы). Өзіңнің уайымыңызбен және балаңыздың қажеттілігімен бөлісіңіз.
Сыныпқа, мектепке міндетті түрде көмек көрсетіңіз.
«Бірінші сынып оқушысы нені білуі керек?»
6 жастағы бірінші сынып оқушысы білуге міндетті:
Өз үйінің мекенжайы мен телефоны, мектеп мекенжайы мен телефоны, өз аты-жөнін, ата-анасының аты-жөнін, ата-аналарының жұмыс орнын, үйінен – мектепке, мектептен-үйге дейінгі жолды, жол ережесін, көшелерді қиып өту ережелерін, пәтер есігін жабу, ашуды, телефон арқылы телефон шалуды; Ауа райының өзгеруіне байланысты өзі киінуге, шешінуге, өз киімдері мен аяқ-киімдерін байқап отыруға, дұрыс жуынып, тарана білуге, өзі тамақты ысытып, ұқыпты ішіп, үстел үстін жинап кетуге, тамақ алдында және дәретханадан кейін қол жууды ескертпей-ақ өзі жууға үйрену; Мұғалімді, ата-ананы тыңғылықты тыңдап, олардың нұсқамаларын өзі орындауға және мұғалімнің, үлкендердің сұрақтарына ұялMay ашық, нақты жауап беруге; көмек қажет жағдайында достарының таныстарынан, басқа таныс емес адамдардан көмек сұрай білуге; өз уақытын жоспарлауға, бөлуге және тапсырманы ескертусіз, көмексіз орындай білуге; Жақсы дос болу – жаңа мектеп ұжымына баланың ойдағыдай енуінің бір кепілі. Баланы жақсы дос болуға үйрету; басқаларға көмек көрсете білу және қиындықтан алып шыға білуге үйрету; кітап, ойыншықтарымен еркін бөлісе білуге; басқалардың қателігіне ескертулер тыңдай білуге дайындау.«Есте сақтаңыздар!»
Егер:
Баланы жиі сынасақ, жек көруді үйренеді;
Баланы келеке етсек, ол тұйық болып қалады;
Баланы мақтасақ, ол жақсылықты үйренеді;
Баланы қолдасақ, ол өзін бағалай білуге үйренеді;
Баланы кінәлай берсек, ол өзін кінәлаумен өмір сүретін болады;
Баланы шыдамдылықта өсірсек, ол басқаларды түсінетін болады;
Баланы шындыққа үйретсек, ол әділдікке үйренеді;
Қауіпсіздікте өссе, адамдарға сенетін болады;
Бала айғай-шу, ұрыс-керісте өссе, онда ашуқай болады;
Бала достық, түсіністік қарым-қатынаста болса, онда ол бұл әлемде достық пен сүйіспеншілік сезімді табады.
Мектеп психологі Алимханова Гульмира Канатовна