Жас мамандар отырысы
Титов атындағы орта мектебінде 22 сәуірден бастап 3 — мамыр аралығындағы Жас мамандар бірлестігінің онкүндік декадасы өтті. Онкүндік "Сабақта квест технологиясын тиімді қолданудың жолдары" тақырыбына сәйкес жоспарланған сабақтарда квест ойын технологиясы қамтылып отырды. Жас мұғалімдердің тәлімгерлері ашық сабақтарға қатысып тілектері мен ұсыныстарын айтып кері байланыс беріп отырды. Онкүндікті қорытындылау мақсатында жас мамандар өткізген сабақтары бойынша рефлексивті есеп жазып ортаға салды.