03
May
2024
Жас мамандар отырысы
Титов атындағы орта мектебінде 22 сәуірден бастап 3 — мамыр аралығындағы Жас мамандар бірлестігінің онкүндік декадасы өтті. Онкүндік "Сабақта квест технологиясын тиімді қолданудың жолдары" тақырыбына сәйкес жоспарланған сабақтарда квест ойын технологиясы қамтылып отырды. Жас мұғалімдердің тәлімгерлері ашық сабақтарға қатысып тілектері мен ұсыныстарын айтып кері байланыс беріп отырды. Онкүндікті қорытындылау мақсатында жас мамандар өткізген сабақтары бойынша рефлексивті есеп жазып ортаға салды. Әр мұғалім өзінің және жас әріптестерінің сабағының сәтті және сәтсіз шыққан тұстарын болашақта ескеретіндерін айтып жеке пікірлерімен бөлісті.
Келешекте жас мұғалімдер білімдері мен тәжірибелерін шыңдап, сапалы білімді, саналы тәрбиелі ұрпақ қалыптастыруға аянбай еңбек етеді деп сенеміз.
Жас мамандар бірлестігі жетекшісі С. Байбабанова
Келешекте жас мұғалімдер білімдері мен тәжірибелерін шыңдап, сапалы білімді, саналы тәрбиелі ұрпақ қалыптастыруға аянбай еңбек етеді деп сенеміз.
Жас мамандар бірлестігі жетекшісі С. Байбабанова