«ШӘКӘРІМ ӨСИЕТІ – АДАЛДЫҚ АЙНАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ » Г.Титов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Г.Титов атындағы орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72836)3-09-28
bookkeeping:
+7(72836)3-24-07
Version for
visually impaired
» » «ШӘКӘРІМ ӨСИЕТІ – АДАЛДЫҚ АЙНАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ
22
January
2021

«ШӘКӘРІМ ӨСИЕТІ – АДАЛДЫҚ АЙНАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ

«ШӘКӘРІМ ӨСИЕТІ – АДАЛДЫҚ АЙНАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ
Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Шәкәрім өсиеті – адалдық айнасы» тақырыбында кезекті онлайн адалдық сағаты өтті.
Ұлтымыздың көрнекті өкілдерінің бірі, дала ойшылы атанған философ ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында дүниеге келген. Абай негізін салған жаңа сипаттағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі.
Шәкәрім – жарты ғасырдан астам шығармашылық өмірінде әдебиеттің барлық жанрында жемісті еңбек еткен қайраткер. Ол адам бойындағы адамгершілік қасиеттерді ерекше жырлады. Қазақ қауымына адал еңбек етіп, бойына білім нұрын сіңіріп, сол арқылы биік жетістікке жетсін деген ой тастайды.
Онлайн-дәріс барысында жастар ақынның адами құндылықтар туралы философиялық ойларымен танысты.
Ақын «Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи, ғибадат пен адалдық ар үшін жи», – деп, бақыттың өзі адалдыққа негізделетінін айта келіп, парасатты тұлға болып қалыптасу үшін адам бойындағы асыл қасиеттердің бірлікте болуы керектігін ашып көрсеткен.
Шәкәрімнің асыл ойлары адалдық, әділдік, ынсап, әділет, мейірім сияқты асыл қасиеттерді кірлетпеуге негізделген.
Ақын жастарға білімдіден ғибрат алуға, ақылмен ойлап іс қылуға, «құлқынның құлы болMay», «адамдық борыш – ар үшін қызмет ет», – деп өсиет еткен.
Шәкәрім өсиеті қазіргі өркениетті заманда да өз құндылығын жоймады, ол барша адамзаттың жан дүниесінің айнасы болуы қажет. Замандас жастардың міндеті – дала ойшылының жырлап өткен ар, борыш, адалдық сындық қасиеттерін бойында қалыптастыра білуі.
Information және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен бейне-сабақ республикалық және өңірлік телеарналар эфирінде көрсетіліп, сондай-ақ Агенттіктің Youtube-арнасында және әлеуметтік желілерде орналастырылды
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив