Nutrition шаралары
«Ескелді ауданы әкімдігінің Титов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» Education Department of Kerbulak district 2019-2020 оқу жылының «Мектеп асханасы» республикалық акциясы бойынша атқарылған жұмысы туралы мәліметі
27-қаңтар мен 27-ақпан аралығында мектебімізде «Мектеп асханасы» республикалық акциясы өтілуде. Акция барысында мектебіміздегі асхананың перспективалық ас мәзіріне сәйкес ыстық тамақтың берілуі, оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы,мектеп асханасының санитариялық жағдайы, азық-түліктің сапасы, күнделікті ас мәзірін нормаға сай берілуіне ведомствоаралық сараптамалық комиссия бақылау жұмыстарын жүргізді. Мектеп асханасында «Астарыңыз дәмді болсын!», «Тазалық – денсаулық кепілі» деген жазу ілінген. Оқушылардың тамақтану кестесі, асхананың жұмыс уақыты, ауыз су режимінің сақталуы, қол жуатын орындарда тазалық сақталған.Ата-аналардың шағымдары мен ұсыныстары жазылатын журнал жүргізілген. Мектеп асханасында оқушылар қоғамдық және ыстық тамақпен тамақтанады.123 оқушы тегін тамақтанады, оның ішінде 91-оқушы жалпыға бірдей білім беру қорынан тамақтанса,32-оқушы асхананы жалға алушы тарапынан тамақтанады.Ас мәзірі күнделікті мектеп директорымен бекітіліп,мектеп медбикесімен қадағаланып тұрады. Мектеп асханасында 3-аспазшы,1-көмекші жұмыс жасайды.Мектеп асханасы санитариялық талаптарға сай, оқушылардың және ата-аналардың көңілінен шығуда. Азық-түлікті сақтау, ыдыс жуу бөлмелерінің тазалығы сақталған, ыстық тамақтың сапасын тексеру барысында барлығы талапқа сай.