16
November
2022
«Жаңаша оқыту-жетістік көзі» атты онкүндігінің ашылу салтанаты өтті
Бастауыш мектеп мұғалімі – ерекше тұлға. Өйткені ол – балалар мен үлкендер әлемінің арасындағы сарапшы.Білімнің сара жолы мектептен басталады, ал білімнің алғаш есігін ашатын кілті – бастауыш екенін барлығымыз білеміз. Ең алғаш әріп танып, оқуға,
санауға, есептеуге үйреніп, білімге деген құмарлығымызды бастауыштан бастаймыз.Мұғалім, әсіресе бастауыш сынып мұғалімі өте жан-жақты білімді әмбебап ұстаз болуы тиіс.
Титов атындағы орта мектебінде 14 қараша күні ұйымдастыруымен «Жаңаша оқыту-жетістік көзі» атты онкүндігінің ашылу салтанаты өтті. Онкүндік 14-25қараша аралығына жоспарланды. Бастауыш мектеп мұғалімінің еңбегін өзге еңбекпен салыстыруға болMayды, себебі ол еңбектің жемісі – адам. Әрбір шәкіртінің "адам" болып қалыптасуына, қайталанбас тұлға болуына ықпал етуде барын жұмсайды, еңбектенеді. Өзінің де өзгенің баласы үшін қуанып,қызарады. "Ұстаз болу-жүректің батырлығы" деп ақын Абай жырлағандай, Ұстаз-тәлім мен тәрбие беруші бала көңілді,кең пейілді кемеңгер. Бастауыш қазақ сыныптар бірлестігінің жетекшісі Бодаубекова М.К.
#titova2022