20 наурыз- Ұлттық спорт күні
Бүгін Наурызнама онкүндігінің жетінші күні. Бұл күн - Ұлттық спорт күні деп жарияланған. Ел ішінде өтетін кез-келген мереке ұлттық ойындарсыз өтпейді. Ең танымал спорттық шаралар, олар бәйге, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңгеге ілу, құсбегілік және тоғызқұмалақ, асық ату, садақ тарту. Осы ойындар арқылы көпшілік халқымыздың салт-дәстүрлерімен де таныса алады. #eskeldibilim