12
October
2023
“Буллинг және кибербуллингтің алдын алу” тақырыбында сайыс өткізілді.
Құқық айлығының жоспарына сәйкес директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алимханова Г.К. мен мектеп педагог-психологы Тумарбек Н. Т. ұйымдастыруымен 8 сынып оқушыларының арасында “Буллинг және кибербуллингтің алдын алу” тақырыбында сайыс өткізілді.
Мақсаты: “Буллинг”, “Кибербуллинг” сөздерінің мағынасын ашу, таныту; Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу, сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу.
Сайыс барысында оқушылар тақырыпқа сәйкес сұрақтар мен видеороликтерді талқылады. Жаңа терминдар мен түсініктермен танысты. Feedback арқылы оқушылар алған әсерлерімен бөлісті. Белсенді қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.