27
October
2022
«Best психолог» байқауы
Шестаков атындағы орта мектебінде Ескелді аудандық білім бөлімі оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес жылдың «Best психолог» байқауы өткізілді. Байқауға аудандық білім беру ұйымдарының педагог-психологтары қатысып, шығармашылық іс-әрекетінің нәтижелері мен психологиялық-педагогикалық идеяларын, жобалар және іс-тәжірибелерін ортаға салды. Байқаудың мақсаты – талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіптік біліктілігін көрсете алатын психологтарды анықтау.
Байқау 2 кезеңнен тұрды: сырттай және бетпе-бет кезеңдері
1 кезеңде - портфолио мен эссе жазу;
2 кезеңде – таныстыру кезеңі – өзін өзі және авторлық бағдарламамен таныстыру жүргізілді.
Байқау қорытындысы нәтижесінде:
«Жас психолог» номинациясымен Титов АОМ Л.Қарғабаева марапатталды.
Құттықтаймыз👏💐
#titova2022