Қамқоршылық Кеңес » Г.Титов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Г.Титов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72836)3-09-28
Есепші бөлімі:
+7(72836)3-24-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
сентябрь
2018

Қамқоршылық Кеңес

«Ескелді ауданы әкімдігінің Титов атындағы орта мектебі МДШО»КММ

2017-2018 оқу жылындағы қамқоршылық кеңесінің жасаған жұмыстары

бойынша есебі.

2017-2018 оқу жылы басында Қамқоршылық кеңес мүшелерісайланып, педагогикалық кеңесінде бекітілді. Қамқоршылық кеңесінің жұмысына қатысқысы келетіндердің тізімі ұсынылды,жұмыс жоспары бекітілді.

- Жалпы білім беру ұйымының жұмысының айқындығын арттыруға жәнежетілдіруге бағытталған бастамалар ұсыну және оны талқылау.

- Жалпы білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасы мен оқу базасын нығайту және жетілдіру, оның аумағы мен кабинеттерін көбейту.

- Білім беру үдерісін іске асыру жағдайын жақсартуға, оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жәрдем көрсету.

- Мектеп органдарының жұртшылықпен тиімді қарым-қатынасы үшін жағдай жасау.

- Мектептің білім берушілік, қаржылық, кадрлық әлеуетін күшейту.

- Қаржыландырудың қосымша көздерін мектепке тартуға жәрдем беру.

- Оқушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау.

Мектеп директоры қамқоршылық кеңестің қосымша бюджеттен тыс қаржыларды тарту және жұмсау түрлері мен тәртібіне,

Қамқоршылық кеңесінің құқықтары мен міндеттеріне, оның қағидаларына, сонымен қатар кеңестің құрамына тоқталып өтті.

Қамқоршылықкеңесі – стратегиялық мақсаты мен міндеттерін айқындайтын,сенім,ашықтық,серіктілік қағидаларымен жұмыс істейтін мектепті басқарудың қоғамдық органы екенін мектеп директоры Ә.Каймулдинов өз сөзінде атап өтті.

Қамқоршылық кеңесі 9 адамнан құралған. Кеңестің төрайымы Ескелді аудандық қазнашылық басқармасынын бас маманы Сатыболдинова Ажар бір жыл ішінде кеңес мүшелерімен жасаған жұмыстарын есеп берді. Мектептегі өткізіліп жатқан іс-шаралардың барлығына қолдан келгенше көмек беріп жатқандықтарын айты.

«Мектепке жол» акциясы кезінде акцияның өз деңгейінде өтуіне ат салысты. Әлеметтік жағыдайы төмен оқушыларға мектептің жекелеген ата-аналар тарапынан киім-кешек,оқу құралдары алып берілгенін айта кетті. Мектепте ұйымдастырылған «Күз береке – күз мереке» атты күзгі жәрменкеге қатысып, жарменкеден түскен 79000 (жетпіс тоғыз мың) теңгеге мектепке жаңа жылдық шырша, аяз ата мен ақшақар және ит,маймылдың кастюмдерін сатып алғанымызды айтып өтті.

Мектепте өткізіліпжатқан іс-шараларға да белсенді ата-аналарымызды тартып мектеппен бірге ұйымдастыру жұмыстарына қатысамыз деген ойдамыз.

 

 

 

 

 

Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив