Мектеп кітапханаcы » Г.Титов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Г.Титов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72836)3-09-28
Есепші бөлімі:
+7(72836)3-24-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
" Орақ тілді, от ауызды - Бақтыбай" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды
08
апрель
2024
" Орақ тілді, от ауызды - Бақтыбай" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды
Титов атындағ орта мектеп кітапханасында Оқуға құштар мектеп"жобасы аясында " Орақ тілді, от ауызды - Бақтыбай" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Қазақ даласының ұлы тұлғасы, ақын Бақтыбай Жолбарысұлы туралы таныстыру. Оқушының ой-өрісін дамыту. Өз елінін патриоты болуға тәрбиелеу. #titova2024 #eskeldibilim 
Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұя" шығармасынан челлендж ұйымдастырылды
11
март
2024
Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұя" шығармасынан челлендж ұйымдастырылды
Титов атындағы орта мектеп кітапханасында наурыз айының 11 жұлдызында "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында оқушыларға өскелең ұрпақты тәрбиелеудің ұлттық құндылықтарын қалыптастыру, рухани адамгершілікке, кітап оқуға құштарлығын арттыру мақсатында Кеңес одағының батыры, жазушы, екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, қазақтың қайсар қаhарман ұлы Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұя" шығармасынан челлендж ұйымдастырылды. #titova2024 
«Аңыз адам – Қасым Қайсенов»
01
март
2024
«Аңыз адам – Қасым Қайсенов»
Тақырыбы: «Аңыз адам – Қасым Қайсенов» Көрменің мақсаты: Оқушыларды Қазақ батыры, халық қаһарманы, партизан жазушы Қасым Қайсенов туралы тереңірек таныстыру. Батырдың ерлік істерін ұрпаққа үлгі ету.
«Мемлекеттік рәміздер-халықтың рухани бағдары» атты кітап көрмесі қойылды.
18
январь
2024
«Мемлекеттік рәміздер-халықтың рухани бағдары» атты кітап көрмесі
Титов атындағы орта мектеп кітапханасында «Мемлекеттік рәміздер-халықтың рухани бағдары» атты кітап көрмесі қойылды. Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерімен таныстыру.Туды,Елтаңбаны және Гимнді бір-бірінен ажырата білуге үйрету.Балаларға рәміздерді құрметтеуге,қастерлеуге рәміздерді бәрінен биік ұстауға,рәміздердің әр элементтерін,бөлшектерін атауларын жатқа білуге тәрбиелеу.
"Мен тарихи даталарды жақсы білемін" атты викториналық сабақ өткізілді
28
декабрь
2023
"Мен тарихи даталарды жақсы білемін" атты викториналық сабақ өткізілді
Титов атындағы орта мектеп кітапханасында"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 27.12.2023 жылы "Мен тарихи даталарды жақсы білемін" атты викториналық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тарихи білімін арттыру, тарихи кітаптарға деген қызығушылықтарын ояту. Сабаққа тарих пәні мұғалімі. Байтурбаева.Г.Ж 10 - сынып оқушылары және кітапханашылар қатысты.
"Буккроссинг" бұрышы қойылды
20
декабрь
2023
"Буккроссинг" бұрышы қойылды
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында, мектебіміздің дәлізінде "Буккроссинг" бұрышы қойылды. Мақсаты: ол - үйімізде шаң тозаң болып жатқан немесе оқылған кітаптарға "екінші өмір сыйлау" оқырмандар арасында "кітап алмастыру" әр түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру.
«Тәуелсіздік тұғыры» атты кітап көрмесі
13
декабрь
2023
«Тәуелсіздік тұғыры» атты кітап көрмесі
13.11.23 жылы Титов атындағы орта мектеп дәлізінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Тәуелсіздік тұғыры» атты кітап көрмесі қойылып көрсетілді. Кітапханашы : Ховдабай.А
Уақытпен санаспаған Жүсіп" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды
23
ноябрь
2023
Уақытпен санаспаған Жүсіп" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды
Титов атындағы орта мектеп кітапханасында "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Ұлы жазушы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушы Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жыл толуына орай 9 А сынып оқушыларына "Уақытпен санаспаған Жүсіп" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Жүсіпбек Аймауытов туралы деректі фильм көрсетіліп, шығармашылығы туралы толық мағлұмат берілді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Агышаева.М.Б Кітапханашы: Ховдабай.А
"Кітапхана әлеміне саяхат"
14
ноябрь
2023
"Кітапхана әлеміне саяхат"
13.11.23 жылы Титов атындағы орта мектеп кітапханасында 2сынып оқушыларымен бірге "Кітапхана әлеміне саяхат" атты кітапханалық сабақ өткізілді. Сынып жетекшісі: Рыскулова.А.Ж Кітапханашы: Ховдабай А
«Кітаппен өткен демалыс қызықты»
03
ноябрь
2023
«Кітаппен өткен демалыс қызықты»
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханасы «Кітаппен өткен демалыс қызықты» атты күзгі демалыс кезінде оқушылардың кітап оқуын ұйымдастырды. Оқушыларымыз қазіргі заманға сай білімді, мәдениетті, өнерлі болуы қажет. Ол үшін терең білім, ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды, өнерімізді білу үшін кітапты көп оқу керек. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға үйретеді.