21
декабрь
2023
«Отбасы құндылығы сарқылмас қазына» атты облыстық семинар
2023 жылдың 20 желтоқсанында Білім бөлімінің тәрбие саласының жоспарына сәйкес Ескелді ауданы Титов атындағы орта мектебінде «Отбасы құндылығы сарқылмас қазына» атты облыстық семинар өтті. Семинарға Жетісу облысының білім басқармасы әдістемелік орталығының әдіскері Қуанышбаев Қайрат Серикұлының қатысуымен, «Жақсы көңіл күй -денсаулық шуағы» психологиялық жаттығу(мектеп психологы-Тумарбек Н), «Әр бала бір әлем» бейнеролик(әлеуметтік-педагог Қожахметова Ж), «Отбасы» практикалық жұмыс Workshop ( ДТІЖО- Алимханова Г, Мықтыбекова А) «Дети-отражение своих родителей» ата-аналармен жұмыс(Бастауыш мұғалімі А.Фариловна), «Отбасы-ұлағат ұясы» тәрбие сағаты(қазақ тілі пәні мұғалімі М.Насыровна) , әдеби - музыкалық монтаж( педагог-организатор Базарбекқызы Д, музыка пәні мұғалімі Мынбосынов А ),рефлексия(Тумарбек Н) өткізілді.
Қатысқан мұғалімдерімізге алғысымызды білдіреміз!!!♥️
@eskeldibilim
#titova2023