«Мен таңдаған мамандықтың қоғамға пайдасы» атты эссе жазу
Кеше мектебімізде 9-11 сыныптар арасында «Мен таңдаған мамандықтың қоғамға пайдасы» атты эссе жазу ұйымдастырылды. Әр сынып оқушылары өздері таңдаған мамандықтары туралы ой қозғап, мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет ететіндігін және адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі болатындығын ашып жазды. Мамандық – бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. .#shtitova2020