«Мұхтар Әуезов -қазақ әдебиетінің тарланы»
Титов атындағы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері Г.Жакишева және М.Ағышаеваның ұйымдастыруымен 9-10 сыныптар арасында «Мұхтар Әуезов -қазақ әдебиетінің тарланы» тақырыбында әдеби кеш өткізілді. Мақсаты: Заманымыздың заңғар жазушысы, қазақ әдебиетінің классигі, әдебиетші-ғалым, Абайтанушы, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі Мұхтар Әуезовтің артында қалған ұлан ғайыр мұрасын зерделеп, оқушыларға насихаттау #titova2022