06
март
2023
1-4 сыныптар арасында, шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – Халықаралық әйелдер күніне құтықтаулар ұйымдастырылды











Ана – тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы – Ананы ардақтамайтын халық жоқ. Нәресте өмірінің нәрі –ана сүті. Халықтың рухы, жаны, тарихы, арман үміті болып табылатын тілдің де басқаша емес «ана тіл» деп аталуы тегін емес. Бұл – ұлттың тілі, ғұрып – салты, дәстүрі, тарихы, әдебиеті мен мәдениеті жас ұрпақ бойына ана сүтімен дариды деген сөз.Мереке күндеріне орай 1-4 сыныптар арасында, шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – Халықаралық әйелдер күніне құтықтаулар ұйымдастырылды. Құрметті әжелер,аналар,әпкелер сіздер бойына мейірім, жылулық, махаббат пен ізгілікті дарыта білген дара жансыздар. Көктеріңізден күн, құшақтарыңыздан гүл, өмірлеріңізден күлкі кетпесін.Ізгі ниетпен: Бастауыш қазақ сыныптар бірлестігі.#titova2023