28
январь
2023
Титов атындағы орта мектебінде 7-сынып оқушыларының қатысуымен «Экология-табиғат жүрегі» интеллектуалды ойыны өтті.













Титов атындағы орта мектебінде 7-сынып оқушыларының қатысуымен «Экология-табиғат жүрегі» интеллектуалды ойыны өтті.Ойын шартына сәйкес оқушылар 3 командаға бөлінді. Мұғалімдер үш кезеңнен тұратын ойын ұйымдастырды.
І.Мақал-мәтелдерді жалғастыру.
ІІ. Сұрақ-жауап
ІІІ. «Табиғаттың қазіргі жағдайы» өз ойыңмен аяқтау
Оқушылар табиғаттқа байланысты мақал –мәтелдерді жалғастырды және экологияға байланысты сұрақтарға белсенді жауап берді. «Табиғаттың қазіргі жағдайы» өз ойыңмен бөлісу кезеңінде оқушылар өз ойын айқын және нақты жеткізді.
Ойынның қортындысы бойынша жеңімпаздар анықталды және марапатталды.