15
март
2021
«Елбасы медалі» - жастарды кешенді дамытуға бағытталған бағдарлама





«Елбасы медалі» - жастарды кешенді дамытуға бағытталған бағдарлама. Бағдарлама7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы.
2020 жылғы 9 желтоқсанда, "Елбасы медалі" бағдарламасына қатысушыларды марапаттау жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өттіп, комиссия құрамына Нұрсұлтан Назарбаев Қорының, Елбасы Академиясының, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Жастар Конгресінің, БАҚ және қоғам өкілдері енді. Комиссия бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің қорытындысы бойынша 2020 жылы 17000 қатысушыдан 1 000 қатысушыны Елбасының қола медалімен марапаттау туралы шешім қабылдады. Сол жүлдегерлердің қатарында Титов атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушылары Нуркуатова Дидара, Сейткожаева Нурай, Адильханова Аида көрініп «Елбасы медалі» бағдарламасының қола медаль иегерлері атанды. #shtitova2020