29
октябрь
2020
Қашықтықтан оқудағы оқу типтерін талдау




27 қазан күні Ескелді ауданы Титов орта мектебінде жас мамандар бірлестігінің семинары бекітілген жылдық жоспарға сай өткізілді. Отырыста 130-шы бұйрық бойынша жас маман және тәлімгерлік жұмыстары; Қашықтықтан оқу кезіндегі оқушы, ата - ана және мұғалімнің қарым -қатынасындағы этика; Қашықтықтан оқудағы оқу типтерін талдау (асинхронды, синхронды, аралас) практикалық жұмыс; Электронды күнделік толтырудың бағыттары; сауалнама, ситуациялық сұрақтар кеңінен талқыланды. Отырыс оқу-ісінің әдіскері Уйсинбаев М.А , жас маман бірлестігінің жетекшісі Байбабанова С.С , педагог ұйымдастырушы Айнакулова Н.Б , педагог-психолог Аубакирова А жұмыла қатысуымен өтті.#shtitova2020