29
август
2025
Құттықтаймыз
Құрметті Тазабеков Әкімбек Ұлдаханұлы! Сізді зейнет демалысына шығуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!Әр адамның өмір жолындағы елеулі сәттердің бірі – зейнетке шығу кезеңі. Себебі адам баласы үшін қандай да бір қызметтің, мансап жолының аяқталар тұсы болады. Осы ұжымды басқарған жылдарда мектебіміз көптеген белестерді бағындырып, жеңістерге жетті. Бұл да осы мектеп басшысының біліктілігі мен білімділігі деп білеміз. Сіздің мектепке ғана емес ауданның білім саласына қосқан үлесіңіз телегей теңіз. Сіздің басшы ретіндегі көп жылғы еңбегіңіз кәсіби шеберліктің, табандылық пен іске деген адалдықтың нағыз үлгісіне айналды. Сіз, білім ордасын басқарып қана қоймай, ұлағатты ұстаз, даналығы мен адамгершілігі үйлескен әріптес бола білдіңіз. Өз қызметіңізге деген адалдығыңыз бен іскерлігіңіз біздерді шабыттандырып, бағыт бағдар берері сөзсіз! Құрметті демалысыңыз 100 жасқа дейін ұлассын!
Ізгі ниетпен: Титов мектебінің ұжымы
@eskeldi_bilim
@zhetysu_bilim