26
декабрь
2024
Құрметті ата-аналар! Бала қауіпсіздігі-басты міндет!
Құрметті ата-аналар!Бала қауіпсіздігі-басты міндет!
Балалардың қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздігі ата-аналар тарапынан бақылауда болуы керек. Бала тәрбиесі баршамызға ортақ, сондықтан ата-аналар бірге жұмыла жұмыс жүргізейік. Түнгі мезгілде ата-ана тарапынан балаларыңызды көшеге шығармауға, бейберекет жүргізбеуге, отырыс, туған күн жасауға тиым салынатынын білесіздер. Әртүрлі діни ағымдарға кіріп кетпеулерін бақылаңыздар! Жаңа жылдық мереке күндері балалардың пиротехникалық құралдарды пайдалануына тыйым салу туралы, өрт қауіпсіздігі ережелері, жолда жүріс-тұрыс ережелерін сақтауды талап етіңіз. Денсаулық пен өмір баға жетпес байлық!
Балаларыңыздың өмірі, денсаулығы, қауіпсіздігі, бос уақыты мен тәртібі үшін жауапкершілік Сізге, Ата - анаға (немесе басқа заңды түрде жауапты тұлғаға) жүктелетінін ұмытпауларыңызды сұраймын.
Кешкі және түнгі уақытта сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін ересектердің еріп жүруінсіз олардың көшеде болуына жол бермеңіз. Балалардың қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздігін ескеріп, тәртіпті сақтаймыз деп Сіздерге сенім білдіремін!
Мектеп директоры А.Тазабеков
@zhetusy_bilim
@jetisu_akimdigi
@marlen_kolbaev
@marat.suleimenov81
@eskeldi_bilim