Информация » Страница 6 » Г.Титов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Г.Титов атындағы орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72836)3-09-28
Бухгалтерия
+7(72836)3-24-07
Версия для
слабовидящих
Наурыз мейрамымен құттықтаймыз
22
март
2024
Наурыз мейрамымен құттықтаймыз
Құрметті ата-аналар, әріптестер, оқушылар! Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз - жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің,тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке. Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасылыраңызға амандық, ырыс пен ынтымақ тілеймін!
Қайырымдылық күні
21
март
2024
Қайырымдылық күні
Наурызнама онкүндігінің жоспарына сәйкес қайырымдылық күніне орай мектеп ұжымының тарапынан 6 отбасыға көмек көрсетілді. #titova2024 #@eskeldi_bilim
20 наурыз- Ұлттық спорт күні
20
март
2024
20 наурыз- Ұлттық спорт күні
Бүгін Наурызнама онкүндігінің жетінші күні. Бұл күн - Ұлттық спорт күні деп жарияланған. Ел ішінде өтетін кез-келген мереке ұлттық ойындарсыз өтпейді. Ең танымал спорттық шаралар, олар бәйге, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңгеге ілу, құсбегілік және тоғызқұмалақ, асық ату, садақ тарту. Осы ойындар арқылы көпшілік халқымыздың салт-дәстүрлерімен де таныса алады. #eskeldibilim 
"Бесікке салу" салт дәстүрі
20
март
2024
"Бесікке салу" салт дәстүрі
Наурызнама жоспарына сәйкес мектебімізде "Бесікке салу" салт дәстүрі өткізілді. Қазақ ұлтына тән салт-дәстүрлердің ішінде кө­не­ден келе жатқан жоралғылардың бірі – бесікке салу. Бесікке салу немесе бесік той дүниеге сәби ке­ліп, туған-туыстың жиналып, нәрестені бесікке салу дәстүрі. Ұйымдастырған сынып жетекшілер: Нурлан М; Керимбекова Р.К #eskeldibilim #titova2024 
"Ұлы Наурыз-жаңа жыл басы"атты эссе байқауы
20
март
2024
"Ұлы Наурыз-жаңа жыл басы"атты эссе байқауы
Мектебімізде Наурыз мерекесіне орай 5-6сыныптар арасында "Ұлы Наурыз-жаңа жыл басы"атты эссе байқауы ұйымдастырылды.Оқушылар Наурыз мерекесінің айырықша тәлім-тәрбиелік, үлгі - өнегелік,қадір -қасиеттік нышан белгілері мен таным ұғымдарын кеңінен таратып жазып шықты.
"Тұсаукесер" салт-дәстүрі
20
март
2024
"Тұсаукесер" салт-дәстүрі
Наурызнама мерекесіне орай мектебімізде "Тұсаукесер" салт-дәстүрі ұйымдастырылды. Сынып жетекшілер: М.М Курамысова, М.Қ Бодаубекова, Н.В Берликожанова #titova2024 #eskeldibilim 
19 наурыз – Жаңару күні
19
март
2024
19 наурыз – Жаңару күні
🔶Наурызнама онкүндігі – 19 наурыз – Жаңару күні Бұл күн ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіреді және қоғамды ортақ мақсаттарға жету жолында бірігуге үндейді. 🔶19 марта в декаде Наурызнама – День обновления Этот день, который символизирует собой начало нового периода в жизни страны и в жизни каждого казахстанца, призван укреплять сплоченность нашего общества для достижения общих целей. #titova2024 #eskeldibilim 
«Информациятан ақ-қараны ажырату өнері»
19
март
2024
«Информациятан ақ-қараны ажырату өнері»
Ата-аналарды педагогикалық қолдау жобасы аясында 7сынып ата-аналарымен жиналыс өткізілді. Тақырыбы:«Информациятан ақ-қараны ажырату өнері» Сынып жетекшісі: Ақтоқалова Ж.Е Богисбаева Э.Г #біртұтастәрбие #eskeldibilim 
"Беташар" салт-дәстүрі
19
март
2024
"Беташар" салт-дәстүрі
Қазақстанда «Наурызнама» онкүндігі өтіп жатыр.«Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күніне орай мектебімізде "Беташар" салт-дәстүрі өткізілді. Ұйымдастырған: ӘБ жас мамандары мен жетекшісі Байбабанова С.С #eskeldibilim #titova2024