13
апрель
2023
8,9 сынып оқушыларымен «Темір жол қауіпті аймақ» тақырыбында түсіндіру жұмыстары
2023 жылдың 13 сәуір айында Қарабұлақ ауылында
Талдықорған қаласы Әуежай ЖПБ-ның патрульдік полиция тобы сержант Нургудыр Есен Момышұлы «Титов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» отдела образования Кербулакского районанің 8,9 сынып оқушыларымен «Темір жол қауіпті аймақ» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп өтті. Сонымен қатар, Қарабұлақ станциясының темір жол жөндеушісі Мусабеков Мейрбек Разбекович тарапынан да сұрақ-жауап ұйымдастыру арқылы оқушылармен тілдесті.
Оқушылардың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігін сақтау және темір жол бекеттерінен өткен кезде қауіпсіздік ережелерін білу басты мақсат болып табылады. Түсіндіру жұмыстары кезінде оқушыларға темір жол бекетінің темір жол аймағында түрлі қауіпті жағдайларды түсіндіре отырып қауіпсіздік шараларымен таныстырды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, келген мамандардан тақырыпқа байланысты нақты жауаптарын алды.
#titova2023